Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде STEAM-зертхана ашылды


Бұл – «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge білім беру ұйымы жүзеге асыратын School Upgrade бағдарламасының алғашқы іс-шарасы.
“Сынып кеңістігін өзгерту №42 мектептің оқушылары мен мұғалімдері үшін сыйлық болды. School Upgrade бағдарламасымен біз басқа да қазақстандық білім беру мекемелерін жаңғыртуды жоспарлап отырмыз”, – дейді «Caravan of Knowledge» жетекшісі Зарина Биюмбаева.
STEAM-әдістеме (STEAM – Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) оқушыларға мектеп бағдарламасынан материалды тиімді меңгеруге және әртүрлі ғылыми салалар арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, STEAM-жобалар, тапсырмалар мен міндеттер таңдалған қызметке қарамастан, әрі қарай оқу мен қызмет жолында пайдалы болатын дағдыларды – сыни және шығармашылық ойлауды, зерттеу дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін, тайм-менеджментті, таныстыру дағдыларын дамытады.



