Неше жастан соң өлім ықтималдығы 50/50-ді құрайды – BBC
BBC-дің дерегінше, қазіргі таңда жер бетінде ең көп өмір сүрген адам болып француздан шыққан Жанна Луиза Кальман саналады. Ол 1997 жылы 122 жасында қайтыс болған.
2019 жылы сарапшылар нақты фактілер негізінде оның жасын анықтады.
Әзірге ол жасқа дейін басқа ешкім жете алған жоқ (Канэ Танаке есімді жапон бұл рекордты жаңартуға үміткер, қазір әжейдің жасы 118-де).
Негізі, жуырда жүргізілген зерттеуге сүйенсек, тым көп ұзақ өмір сүрудің ықтималдығы өте аз болғанымен, теория жүзінде адам жасының нақты шегі жоқ.
Ғалымдардың айтуынша, адам жасы келген сайын оның қайтыс болу ықтималдығы арта берсе де, белгілі бір уақытта ондай қауіп тұрақтанып, біркелкі болады, яғни адам жаңа жасқа толған сайын оның қайтыс болу ықтималдығы 50/50-ді құрайды (адам не өледі, не өлмейді).
“110 -нан кейін әрбір жас – тиын тастау секілді: бір жағымен түссе, өмір сүресің, басқа жағымен түссе, қайтыс боласың”, – деп түсіндіреді бұл құбылысты Лозанна Федералды политехникалық мектебінің статистика профессоры Энтони Дэвисон.
Мұндай қорытындыға келу үшін швейцариялық ғалымдар Өмір сүру ұзақтығының халықаралық дерегін мұқият талдаған. Бұл деректе 13 елдің 1 100 ұзақ өмір сүрушісі туралы ақпарат бар екен. Олар ұзақ өмір сүруші (110-ға жеткен) және жартылай ұзақ өмір сүруші (105-ке жеткен) болып бөлінеді.
Бұған қоса ғалымдар әлемде 105 жастан асқан барлық адам туралы деректер енгізілген 2099-2015 жылдар аралығындағы италиялық статистикалық деректерді зерттеген.
“Өмір сүру ұзақтығы туралы кез келген зерттеу, мейлі биологиялық, мейлі статистикалық мақсатта жүргізілсін, белгілі бір экстраполяцияны қамтиды”, – деп түсіндіреді Дэвисон. – Біз егер қандай да бір шектеу болса, оны анықтай алатынымызды дәлелде алдық. Сөйтсек шектеу жоқ екен”.
Ғалымдар оптимизмді жоғалтпай, алдағы ғасырда 130 жастан асатын суперұзақ өмір сүрушілер қатарның көбейе түсеріне үмітті.