00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қай саладағы қызметтерге қазақстандықтардың көңілі толмайды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қай саладағы қызметтерге қазақстандықтардың көңілі толмайды
ашық дереккөз

«Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері заңның негізгі қағидаттарын қолданыстағы заңда көзделмеген қаржы, сақтандыру, банк, тұрғын үй-коммуналдық, медициналық, туристік, көлік қызметтері салаларына таратуды ұсынды. 2020 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де оның маңызын көрсетіп отыр. Тұтынушылардың ең көп көңілі толмайтын қызметтер медицина саласында көрсетіледі екен. Респонденттердің 46%-ы осы салаға қанағаттанбайды. Одан кейін көлік қызметтеріне халықтың 43%-ының көңілі толмаған. Үшінші, білім беру саласындағы қызметтерге респонденттердің 42%-ы қанағаттанбаған. Сонымен қатар сұралғандардың 36%-ы байланыс қызметтеріне жақсы баға бермеген», – деді комитет басшысы. 

Сондықтан комитет басшысы аталған салаларды қаржыландыру мәселелерін заңды түрде реттеуді, электронды сауда алаңдары арқылы тауарларды төлеу кезінде алдау мен алаяқтықты болдырмау тетігін құруды, қоғамдық бақылау тетігін кеңейтуді, 2010 жылға дейін болған тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу институтын қайтаруды ұсынды.