Жыл басынан бері 20,1 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмысшының алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
“Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн теңге төленді”, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады