Қазақстандықтар қандай операциялық жүйелерді көп қолданады


Одан кейінгі орында Windows (32,3%) пен iOS (15,97%) келеді. Сондай-ақ OS X (6,82%; бұл операциялық жүйе MacBook үшін қолданылады) та айтарлықтай танымалдыққа ие.
Windows ОЖ дербес компьютерлер мен ноутбуктер сегментінде көшбасшы болып саналады (75,4%). Одан кейінгі орында OS X (15,93%) тұр. Нарықта Chrome OS (2,59%) және Linux (2,33%) операциялық жүйелерінің де өз үлесі бар, қалған жүйелердің үлесі – 3,75%.
Ұялы телефон нарығында Android (72,44%) пен iOS (26,75%) операциялық жүйелері жиі қолданылады.
Қазақстандағы ең танымал операциялық жүйе Windows болып отыр. Оның үлесі бір жылда айтарлықтай, дәлірен айтқанда 64,23%-дан 42,05%-ға дейін азайған. Ал екінші орындағы Android операциялық жүйесінің нарықтағы үлесі бір жылда 23,09%-дан 41,43%-ға өскен. Кейін тізімде Apple техникасының операциялық жүйесі тұр: iOS (12,01%) және OS X (3,05%).
Statcounter Global Stats тұжырымы бойынша, Windows ОЖ үлесінің азаюы адамдардың басқа операциялық жүйелерге көшкенін білдірмейді. Бұл елде гаджеттер арасында смартфондар үлесінің артқанын көрсетеді.
Дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін Windows ең танымал операциялық жүйе болып қалып отыр, оның нарықтағы үлесі 90,6%-ды құрайды. Кейін тізімде OS X (6,57%), Linux (1,09%) және Chrome OS (0,05%) тұр. Ұялы телефондар сегментінде Қазақстандағы ең танымал операциялық жүйелер – әлемдегі сияқты Android (77,68%) пен iOS (22,08%).



