LRT құрылысы жалғаса ма
Әкімнің пікірінше, бұл – капиталды көп қажет ететін жоба.
«Болашақта елордада халық көбейген кезде, мысалы, 2 миллионға жеткенде ол бізге керек болады. Оның үстіне, басталған жобаны аяқтау керек. Осыған дейін жобаға қанша ақша құйылды, қанша жұмыс атқарылды, оны жай ғана жауып қоя саламыз ба?», – деді А. Көлгінов.
Бұдан соң ол LRT жобасына жұмсалар шығынның қанша бөлігі үнемделгенін атап өтті.
«Алғашқы қарыз Қытай банкінде болған, оның пайыздық мөлшерлемесі 5% болатын. Біз одан бас тартып, ішкі қарыз түріне өтіп, басқа банктермен келісімшартқа отырдық. Соның арқасында 800 млн АҚШ долларын үнемдедік. Бұл – өте қомақты сома. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарын да қысқарттық. Бұрын 19 станса болады деп жоспарланса, енді оның 11-ін қалдырдық. Осылайша тағы 350 млн АҚШ доллары үнемделді. Сонда бас-аяғы 1 млрд 250 млн АҚШ долларын үнемдеп отырмыз», – деді елорда әкімі.