00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әр 10 жол апатының 9-ы жүргізушілер кесірінен болады – статистика

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әр 10 жол апатының 9-ы жүргізушілер кесірінен болады – статистика
ашық дереккөз

Ең көп жол апаты болған өңір ретінде Алматыны айтуға болады: мұнда жыл басынан бері 2,2 мың факт тіркелген (былтырған қарағанда 17,6%-ға артық). Сондай-ақ жол апаты жиі тіркелетін өңірлер қатарына Алматы (1,5 мың факт, +19%) мен Жамбыл (707 факт, +19%) облыстары облыстары енді.

Жол-көлік оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысында аз болған: мұнда жыл басынан бері 107 факт тіркелген, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 2,7%-ға аз.

Жол апатының саны елордада айтарлықтай өскен: былтырға қарағанда мұнда жол апаты 47,9%-ға артып, 349-ға жеткен. Ал Түркістан облысында керісінше азайған (436 факт, -21,2%). 

Жыл басынан бері жол апаты салдарынан 12,2 мың адам зардап шеккен, бір жылда көрсеткіш 11,2%-ға артқан. Оның ішінде 10,9 мың адам түрлі дене жарақатын алған (5,9 мың ер адам, 5,1 мың әйел және 2,2 мың кәмелетке толмаған бала). 4,9 мың адам ауруханаға жатқызылып, 1,3 мың адам жол апатынан қаза тапқан (911 ер адам, 347 әйел, 118 кәмелетке толмаған бала).

Зардап шеккендер саны бойынша антирейтингтің алғашқы орындарында Алматы қаласы (2,6 мың адам), сондай-ақ Алматы (2,4 мың адам) және Жамбыл (1,2 мың адам) облыстары келеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше зардап шеккендер саны аз (169 адам). 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті дерегінше, жол апатының 72,6%-ы немесе 6030 факт елді мекендерде, тағы 1 512 факт халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда, 765 факт облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаты көбіне көліктердің соқтығысуынан (3420 факт), жаяу жүргіншілерді соғу салдарынан (2897 факт) болады.

87% жағдайда жүргізушілер жол апатына кінәлі деп танылады (7256 факт), оның ішінде 322 адам мас болған немесе есірткі пайдаланған.

Елімізде бағыттас соқтығысу немесе көлікті бүйірден соғу салдарынан адамдар жиі қаза табады (қаза тапқандардың жалпы санының 40,5%-ы). Адам өлімі себептері бойынша екінші орында – жаяу жүргіншілерді қағу (қаза тапқандардың жалпы санының 26,9%-ы) тұр. Жылдамдықты арттырудан 1 990 жол апаты тіркелген, салдарынан 405 адам қаза тапқан.