00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада құтқарушылар күніне орай балалар байқауы өтеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада құтқарушылар күніне орай балалар байқауы өтеді
ашық дереккөз

Сайыс 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 15 қазанына дейінгі аралықта ұйымдастырылады. 

Байқауға қатысушы үшін 3-5 сыныптар – өрт тақырыбында салған суреттер, 6-7 сыныптар – өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерлігі туралы шығарма, ертегі, әңгіме, эссе, 8-10 сыныптар – бейнеролик ұсынуы тиіс.

Жұмыстар 2021 жылдың 15 қазанына дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 24 мекенжайы бойынша немесе gpk_dchs_ast@emer.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Бейне жұмыстарды WhatsApp желісінде +77053215584 нөмірі не жіберу керек.

Байқау қорытындысы 2021 жылдың 18 қазанында шығарылады.

Байқауға қатысуға кез келген техникада (түрлі-түсті қарындаштар, гуашь, тушь, пастель, компьютерлік графика, фотомонтаж және т.б.), А4-тен кем емес және А3-тен аспайтын форматтағы қағазға салынған суреттер, көлемі 2 беттен аспайтын ертегілер, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез келген жанрдағы (оның ішінде мультипликацияда) бейнероликтер жіберіледі. Барлық жұмыста автордың аты-жөні, сыныбы, жалпы білім беретін мекеменің атауы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. Бір қатысушы тек бір жұмыс ұсына алады. 

Бағалаудың негізгі критерийлері:

- жұмыстың көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

- идеяның бірегейлігі мен креативтілігі;

- идеяның айқындылығы;

- жұмысқа заманауи көзқарас;

- шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұны (ертегі, әңгімелер үшін).

Байқау жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталады.