00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда мемлекеттік басқару саласының қызметкерлері қанша жалақы алады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда мемлекеттік басқару саласының қызметкерлері қанша жалақы алады
ашық дереккөз

Биылғы екінші тоқсандағы мәлімет бойынша, аталмыш салада 483,8 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,6%-ға аз. 

Олардың басым бөлігі (74 мың адам) – Алматы облысында. Одан кейін Шығыс Қазақстан (50,7 мың адам) мен Жамбыл (41,9 мың адам) облыстары келеді.

Сала қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 203 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,1%-ға жоғары. 

Аталмыш салада көбірек табыс табатыны – міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жұмыскерлер: олар айына 566,8 мың теңге (12% өскен) жалақы алады. Мемлекеттің жалпы қоғамға қызмет көрсету саласының қызметкерлері 207,3 мың теңге (жылына 2,4% өскен), мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық басқару қызметкерлері — 196,7 мың теңге (8,2% өскен) мөлшерінде орташа айлық жалақыға ие.

Өңірлер бойынша қарастырсақ, саладағы ең жоғары жалақыны елорда қызметкерлері алады екен: 359,8 мың теңге (20,7% өскен). Жетекші өңірлер үштігінде Алматы (231,5 мың теңге, 12,4% өскен) және Маңғыстау облысы (217,4 мың теңге, 21,5% өскен) бар. Ең төменгі жалақы Ақмола облысында байқалды (162,8 мың тг, 4,4% өскен).