00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 50 мың бала тегін спорт үйірмесімен қамтылған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 50 мың бала тегін спорт үйірмесімен қамтылған
ашық дереккөз

Шарада сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Оның тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет спорт саласын, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту бағытында бірнеше нақты жұмыстар атқаруда. Жыл соңына дейін Елбасының ең мұқтаж қалалар мен ауылдарда 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы бастамасын іске асыру жұмыстарын аяқтау жоспарланған», - деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер мамыр айынан бастап мемлекеттік спорт тапсырысы іске қосылғанын мәлімдеді.

«Бірінші кезеңнің өзінде-ақ бұл жүйе 50 мың баланы тегін спорт үйірмесімен қамтуға мүмкіндік берді. 3,5 мың спорт нұсқаушысын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Әр ауылдық округте халық спортпен қамтылады. «Саламатты ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай спортпен жүйелі айналысатын халықтың үлесін 31 пайыздан 50 пайызға дейін көтеру мақсаты қойылып отыр. Біз бұл мақсатқа қол жеткізу оңай болмайтынын түсінеміз. Бірақ осы бағытта барлық әкімдерге ауқымды жұмыс бастау керек болады. Бірқатар нақты ұсыныстар айтылған. Осы шаралардың бәрі бұқаралық спорттың дамуына ғана емес, талантты спортшыларды дайындауға да ықпал етеді деп ойлаймыз», - деді Ералы Тоғжанов.