Жыл басынан бері медициналық әлеуметтік мекемелерге 460-тан астам тексеру жүргізілген


«Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 379 ұйғарым, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында 70 ұйғарым шығарылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге 71 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында 335,4 мың теңге сомасында айыппұл бар», — деді Анархан Дүйсенова.
Спикердің айтуынша, осы салаға тән заң бұзушылықтардың ішінде мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен уақтылы қамтамасыз етпеу, арнаулы әлеуметтік, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің кепілдік берілген көлемін толық немесе сапасыз көрсету, сондай-ақ тамақтану нормаларының сәйкес келмеуі және т. б. фактілер бар.



