00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда тау-кен саласының қызметкерлері қанша жалақы алады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда тау-кен саласының қызметкерлері қанша жалақы алады
ашық дереккөз

Өңірлер бойынша қарастырсақ, аталмыш салада жұмыс істейтіндердің ең көбі Қарағанды облысында тұратын болып шықты (56,8 мың адам, бір жылда +2,6%). Үздік үштікке Ақтөбе (41,3 мың адам) және Маңғыстау (39,5 мың адам) облыстары да кіреді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы қазақстандықтардың жартысы-дерлігі осы үш өңірде тұрады.

Екінші тоқсан қорытындысы бойынша, сала қызметкерлерінің орташа бір айлық жалақысы 461,8 мың теңгені құрады, бұл былтырмен салыстырғанда небәрі 4,1%-ға көп. 

Ал олардың жалақысы жалпы республикадағы орташа айлық жалақыдан 1,8 есе жоғары. 

Саладағы ең жоғары жалақы шикі мұнай мен табиғи газ өндірушілерге тиесілі екен: олар ай сайын 827,3 мың теңге алады. Металл рудаларын өндірушілер – 331,4 мың теңге, көмір өндірушілер – 311,7 мың теңге, басқа да пайдалы қазба өндірушілер 190,4 мың теңге жалақы алады. 

Өңірлерге шақсақ, ең жоғары жалақы елордалық қызметкерлерде, мұнда сала қызметкері айына 2,1 млн теңге алған. Екінші және үшінші орындарда Атырау (1,1 млн тг) мен Батыс Қазақстан (1 млн тг) облыстары тұр. 

Ал ең аз жалақы Шымкентте, мұнда аталмыш сала қызметкерлерінің орташа айлығы небәрі 162,7 мың теңгені құраған.