Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшері артады
Қазіргі уақытқа дейін барлық мүмкіндігі шектеулі балалар 48 023 теңге алатын. Енді I және ІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тиісінше 64 860 теңге және 54 541 теңге алатын болады.
«Қабылданған Заң мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың, оның ішінде балалардың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға, қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған. Алдағы уақытта осы заң мүмкіндіктері шектеулі азаматтарымыздың және ерекше қажеттілігі бар балалы отбасылардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ тұрғын үй қатынастары саласына да өзгерістер енгізілді.
Енді мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін және олар 18 жасқа толғаннан кейін тұрғын үй алуға кезектілік сақталатын болады.