Қазақстандықтардың қанша бөлігі ескірген аяқ киімін жаңалауды қалтасы көтереді – зерттеу
Ерлер аяқ киімі 6,5%-ға, әйелдер аяқ киімі 5,2%-ға, ал балаларға арналған аяқ киім 8,5%-ға қымбаттаған.
Тұрғындардың өмір сүру сапасы жайлы биылғы наурызда жүргізілген сауалнамаға сәйкес, бір жазғы және бір қысқы аяқ киім сатып алуды қалтасы көтермейтін қазақстандықтардың үлесі 15,3%-ды құрады.
Ескірген аяқ киімін жаңалауға ақшалай қабілеті жоқ тұрғындардың үлесі биыл 5%-ға көбейді (былтыр 4,7% болған).
Бір қысқы және бір жазғы аяқ киім сатып ала алмайтынын айтқандардың 17,4%-ы 39-48 жас аралығындағылар екен.
Ескірген аяқ киімін жаңалай алмайтындар арасында да осы жас категориясы өкілдерінің үлесі көп.
Биылғы тамызда Қазақстанда ерлер аяқ киімін жөндеудің орташа құны 1393 теңгені, әйелдер аяқ киімін жөндеудің орташа құны 1113 теңгені құрады. Аяқ киім жөндеу ең арзан өңірлер – Қызылорда (ерлер аяқ киімі – 1000 теңге, әйелдер аяқ киімі – 891 теңге) мен Қарағанды (ерлер аяқ киімі – 1049 теңге, әйелдер аяқ киімі – 923 теңге).
Ал ерлер аяқ киімін жөндеудің орташа құны Нұр-Сұлтан (1987 тг) мен Атырауда (1817 тг), әйелдер аяқ киімін жөндеудің орташа құны Ақтау (1516 тг) мен Атырауда (1445 тг) жоғары.