Нұр-Сұлтан-Шымкент рейсінің бортында жолаушы қайтыс болды


«Ұшу кезінде кабина экипажы борттағы жолаушының жағдайы нашарлағаны және шұғыл көмекке мұқтаж екендігі туралы ақпарат алды. Стюардесса жолаушы отырған орынға жақындағанда, ол есінен танып қалған, тексеру кезінде оның тыныс алмай отырғаны анықталды. Ол әуе кемесі командиріне есеп беріп, жолаушылардан көмек сұрады», – дейді компанияның баспасөз қызметі.
Оған осы рейспен келе жатқан дәрігер көмекке келген. Медициналық көмек көрсету нұсқаулығына сәйкес, аға бортсерік жолаушы әйелге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.
«Әуе кемесінің командирі жақын маңдағы әуежайға шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Диспетчерлер арқылы экипаж оқиғаның мән-жайын хабарлап, жедел жәрдем шақырды. Жезқазған әуежайына қонғаннан кейін, келген дәрігерлер жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - деп жазылған әуе компаниясы таратқан хабарламада.



