00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отбасын енді құрған ерлі-зайыптыларға төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

26 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Отбасын енді құрған ерлі-зайыптыларға төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл елдегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін жасалмақ. Бұл – әзірге сынақ ретінде қолға алынған жоба. Оған Кёнгидо провинциясындағы 50 компания қатысады. Жұмыс аптасы қысқарғанда, жастардың отбасына көңіл бөлуге уақыты көбеюге тиіс. Қазір елде демографиялық дағдарыс ушығып барады.

Бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен, өйткені баспана қымбат. Баланы бағып-қағу шығындары да аз емес. Жастар мансап қуып, сәбилі болуға асықпайды. Осыған байланысты билік отбасын құруға ынталандыратын арнайы бағдарламаларды қолға алып жатыр.

Тіпті жалғызбасты жандарға кездесу ұйымдастырылады. Егер қарым-қатынасын жалғастыратын болса, оларға ақша төлейді. Бұдан бөлек, баспана сатып алу және үй жалдап тұруға да қаржылай көмек бар.