«Оскар» сыйлығына жаңа санат енді

11 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Оскар» сыйлығына жаңа санат енді
Фото: Carlo Allegri/Getty Images

Variety басылымының хабарлауынша, кинода жұмыс істейтін және қауіпті трюктерді орындайтын каскадерлердің құрметіне жаңа «Оскар» номинациясы пайда болады. Салтанатты рәсімде «үздік трюктер» санаты енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл 2027 жылы «Оскардың» 100-ші мерейтойлық рәсімінде болады. Номинацияға лентадағы трюктерді орындаған ең жақсы каскадерлер кіруі мүмкін. Жаңа санатқа қатысты өз пікірлерін Кино өнері және ғылым академиясының бас директоры Билл Крамер мен академия президенті Джанет Янг қалдырды.

«Киноның алғашқы күндерінен бастап трюктер кино түсірудің ажырамас бөлігі болды. Біз осы техникалық және шығармашылық мамандардың инновациялық жұмысын құрметтейміз және осы маңызды оқиғаға лайық жандарды құттықтаймыз», - деді олар.

Іріктеу және дауыс беру ережелері 2027 жылы жарияланады