00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ораза ұстаған 39 адам опат болды

24 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ораза ұстаған 39 адам опат болды
Фото: ашық дереккөз

Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті табылды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар 24» телеарнасы мәлім еткендей, полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды анықтаған. Кейін олардың 4-уі көз жұмды. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады. Дін атын жамылған адам қамауға алынды. Ол өлген адамдарды шіркеу аумағына көме берген. Пастордың өзі қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған. 

бшб.jpg

(Фото-коллаж: 24tv.ua)

Біз адамдардың өзін-өзі өлтіруіне жол бермейміз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін... – дейді адам құқығын қорғауға атсалысатын белсенді Халид Хусейн.