00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ораза айтта 541 тұтқынға рақымшылық жасалды

21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ораза айтта 541 тұтқынға рақымшылық жасалды
Фото: inbusiness.kz

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қасиетті Рамазан айын атап өту қарсаңында ізгілік, адамгершілік, мейірімділік пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Uza.uz сайты жазды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, түзелу жолына батыл қадам басқан 541 адамға рақымшылық жасалған.

Рақымшылық жасалғандардың 374-і негізгі жазадан толық босатылды, 110-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 18-і жазасы жеңілірек жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ 39 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды. Кешірім жасалғандардың 36-сы шетел азаматтары, 136-сы әйелдер, 75-і 60 жастан асқан ер адамдар, 6-ы тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар, – делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, рақымшылық жасалған азаматтарды отбасы мен туған-туыстарының қасына оралуына, пайдалы еңбекпен айналысуына, қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.