Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау 3 маусымда өтеді

8 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау 3 маусымда өтеді
Фото: freepik.com

Оңтүстік Кореяда үкімет президент сайлауының уақытын 3 маусымға ресми түрде бекітті. Бұл шешім конституциялық сот бұрынғы президент Юн Сок Елге импичментті ресми түрде жариялағаннан қабылданды, деп хабарлады Elordainfo.kz Yohnap порталына сілтеме жасап. 

Сайлауды өткізу туралы шешім 8 сәуірде министрлер кабинетінің отырысында қабылданды. Конституцияға сәйкес, Кореяда президент отставкаға кеткеннен кейін 60 күн ішінде сайлау өтуі керек. 2017 жылы Пак Кын Хе отставкаға кеткеннен кейін сайлау дәл 60 күннен кейін өткен.

Енді 4 мамырға дейін сайлауға түсуге ниетті мемлекеттік қызметкерлер өз лауазымынан отставкаға кетіп, кандидатурасын ұсынуы қажет. Бұл заңмен белгіленген. Кейін жаңа президент сайлаудан кейін бірден қызметке кіріседі.

Ұлттық сайлау комиссиясы кандидаттарды алдын ала тіркеуді бастады. Соңғы тіркеу 11 мамырда аяқталады. Ал ресми үгіт-насихат жұмыстары 12 мамырда басталады. Reuters порталының мәліметінше, сайлауға түсуге алғашқылардың бірі болып бұрынғы Еңбек министрі Ким Мун Су ниет білдірген. 8 сәуірде ол отставкаға кетіп, бұл шешімін ауыр экономикалық дағдарыс жағдайында ел алдындағы жауапкершілік сезінетінімен түсіндірді. Ким әлі "халық күші" билеуші партиясының ресми мүшесі емес. Бірақ сауалнамаларда басқа консерваторларды басып озды.

Тағы бір кандидат – осы партияның депутаты Ан Чол Су. Ол Юнға импичмент жариялауға дауыс берген. Ол өзін "ең таза үміткер" деп санайды. Ан Чол Су Трамп әкімшілігі кезінде АҚШ-тың сауда шараларына қарсы тұру үшін жасанды интеллекттің дамуына және экономиканың өсуінің жаңа көздерін жасауға уәде берді. Ол қазірдің өзінде өткен үш президенттік сайлауға қатысқан. 2017 жылы 21%-дан астам дауыс жинады. Бірақ басқа жағдайларда қарсыластарының пайдасы үшін өз кандидатурасын алып тастаған. Қазір оның рейтингі төмен.

Сайлау екінші рет қатарынан импичмент арқылы биліктен шығарылған консерваторлар үшін үлкен сынақ болады. Мәселен, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа айыпталған Пак Кын Хе бар.

Қазір Ли Чжэ Мён жеңіске басты үміткер болып отыр. Оппозициялық демократиялық партияның жетекшісі, 2022 жылы Юнға аз ғана дауыс жетпей жеңіліп қалды. Сайлау заңнамасын бұзудан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға дейінгі бірқатар сот процестеріне қатысқанына қарамастан, Ли осы аптада сайлауға қатысатынын жариялайды деп күтілуде.

Gallup-тың жаңа сауалнамасына сәйкес, сайлаушылардың 34%-ы Лиге, Ким Мун Суға 9%-ы, "халық күшінің" бұрынғы жетекшісі Хан Дон Хун 5%-ы, Тэгу мэрі Хон Чжун Пхеге 4%-ы, Сеул мэрі О Се Хунға 2%-ы дауыс беруге дайын. 

Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.