Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты
29 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: видеодан алынған кадр
Ақпаратты жергілікті 24.kg басылымына ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Отарбеков растаған, деп хабарлады Elorda.info.
Ол өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқанда, барлығын сел алып кеткенін, полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты, – делінген хабарламада.
Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Ұқсас жаңалықтар