Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 50 мыңнан асты
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Түркия мен Сириядағы зілзаладан көз жұмғандар саны 50 мыңнан асты, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, Түрік үкіметі 44 мың 374 тұрғынның бақилық болғанын хабарлады. Іздеу-құтқару жұмысы әлі күнге дейін дамылсыз жүріп жатыр. Оған 8 мыңға жуық құтқарушы тартылған. Ал көршілес Сирияда табиғи апат 7 мыңдай адамның өмірін қиған. Түркия мен Сирияның шекаралас аумағындағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда болған еді. Осыдан кейін тағы ондаған дүмпу қайталанды.
Ұқсас жаңалықтар