Шетелдегі Қазақстан азаматтары консулдық есепке тіркелуі тиіс
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Консулдық тіркеу әскери әрекеттер, тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар, форс-мажорлар енгізілген жағдайларында хабарлама беруді, эвакуациялау жасауды айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар консулдық бөлімде кейбір мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытыңызды үнемдейді. Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің Анкара округі бойынша консулдық есебіне тіркелу ерікті түрде жүргізіледі. Консулдық есепке онлайн режимінде тіркелуге болады. Толық ақпаратты Egov электрондық үкімет порталынан алуға болады.
Ұқсас жаңалықтар