00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан Сирияға көмек ретінде 160 миллион теңге қаржы бөледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан Сирияға көмек ретінде 160 миллион теңге қаржы бөледі

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Көмек Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында берілетін болады, - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден астам сома бөлінеді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары түріндегі көмек Қазақстан Республикасы арнайы әуе кемелерімен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізілетін болады. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы Елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы – толыққанды халықаралық ұйым мәртебесімен өзіндік халықаралық құқық субъектілігі бар, Ислам ынтымақтастығы ұйымының мамандандырылған институты. Ол Қазақстан Республикасының бастамасымен 2011 жылы құрылған, штаб-пәтері Астанада орналасқан, - деді Айбек Смадияров.