БҰҰ Ауғанстанда халықтың жартысы аш отырғанын мәлімдеді
БҰҰ барлық мемлекетті аштыққа тап болған Ауғанстанға қажетті қаражат бөлуге шақырып жатыр. Сондай-ақ гуманитарлық жүк пен персоналдың ауған халқына тез және кедергісіз өтуіне мүмкіндік беріп, гуманитарлық мақсатта қаржылық жеңілдіктер қарастыру керек екенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info NBC-ке сілтеме жасап.
Ауғанстанда қазіргі уақытта аштыққа тап болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Елдің жартысына жуығы аштықтан зардап шегіп отыр.
Бұл туралы БҰҰ-ның Кабулдағы Азық-түлік агенттігінің өкілі Филипп Кропф хабарлаған.
Сарапшының айтуынша, бұл елдің әрбір екінші тұрғыны аштыққа тап болған.
40 миллион халқы бар елде 7 миллион бала (5 жасқа дейін) және ана тамақтанбайды, - деді сарапшы.
Оның айтуынша, 2021 тамызында Талибанның билікті басып алуы миллиондаған адамның кедейлік шегінен төмен түсуіне әкеліп соқтырды және халықаралық көмек тоқтады. Ол ауғанстандықтардың аштықтан өлмейтінін, бірақ гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін ресурстары жетпейтінін айтты.