Елімізге «QazVac»-ты зерттейтін ДДҰ өкілдері келеді
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сәуір айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы Қазақстанға келіп, «QazVac»-ты тіркеумен байланысты тексерулер жүргізеді.
Қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық ұйымында тіркеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр. Былтыр осы ДДҰ өкілдері, мамандары мен сарапшылары онлайн режимде әр түрлі құжаттарымызды сұрап, тексерген болатын. Енді биылдың өзінде сол ұйымнан арнайы миссия келіп, біздің вакцинаның қалай шығарылып жатқанын, зауытымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, дүниежүзінің халқына қолдануға жарамдылығын тексереді, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар