«Орыстың алдында басымды иемін»: Омбының қазағы қандастарын соғысқа шақырды (ВИДЕО)
Омбының қазағы мобилизацияға байланысты Ресейден кеткен қазақтарға ренішін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Caravan сайтының жазуынша, ол Омбыда 30% қазақ тұратынын, бірақ ротада 1000 адам ішінде бесеуі ғана қазақ екенін айтады.
«Қазақтар қайда кетті? Бәрің қашып кеттіңдер ме? Бұл жағдай тарихта болады. Балаларың «әке, сен ол кезде қайда болдың?» деген кезде не дейсіңдер? Мойындайсыңдар ма әлде өтірік айтасыңдар ма? Өз халқым үшін ұяламын. Өйткені қазақтардың көпшілігі Омбыдан қашып кетті. Мейлі маған тас атып, аузымды жапқызғысы келсін. Сендер осы елде тұрдыңдар, ақша таптыңдар. Балаларыңды оқыттыңдар. Ал қазір ше? Кинотеатрларда түнеп жүрсіңдер. Басқа жақтан пәтер іздеп жатырсыңдар. Осыдан кейін сендер кімсіңдер? Орыс халқының алдында басымды иемін. Өйткені мұндағылардың барлығы орыстар. Ресей не болса да жеңеді», – деді ол.