00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Францияның солтүстігіндегі әуежай патшайым II Елизавета атымен аталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Францияның солтүстігіндегі әуежай патшайым II Елизавета атымен аталды

14 қазаннан бастап Францияның солтүстігінде орналасқан Le Touquet-Paris-Plage халықаралық әуежайы Aéroport international Le Touquet-Paris-Plage Elizabeth II болып өзгереді, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Travelweekly.co.uk басылымы жазғандай, атауды өзгерту туралы шешімді әуежай басшылығы патшайым II Елизаветаға «құрмет көрсету үшін» қабылдаған.

Әуежай мәлімдемесінде атауды өзгерту «француздық әуежайлардың ең британдық мәртебесін растайды және нығайтады» делінген.

Патшайым II Елизаветаға құрмет көрсету және оның ағасы VIII Эдвард пен бірге Ле-Тукеге сапарын еске алу үшін Ле-Туке-Париж-Плаж қаласы өз әуежайын патшайымның атымен атауды қалайды. Ол 70 жыл бойы еліне адал және тұрақты қызмет еткен, – делінген Ле Туке-Кот-д'Опал әуежайы басшылығының мәлімдемесінде.

Le Touquet-Paris-Plage - қазір Францияның солтүстігіндегі ең талғампаз теңіз жағалауы курорты, сонымен қатар көптеген люкс қонақүйлер мен ауқатты париждіктерге арналған демалыс орындарының орналасқан жері. Қалада ерекше ғимараттар бар және әуежай жақын жерде орналасқан.

8 қыркүйекте Балморал сарайында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы II Елизавета 97 жасында қайтыс болды.