00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Киевте Зеленский отырған кортеж жол апатына ұшырады

31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Киевте Зеленский отырған кортеж жол апатына ұшырады

Киевте Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды, - деп жазды Сергей Никифиров.

Еске салайық, 14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарлаған болатын.