00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты

UPI басылымының мәліметінше, ұлыбританиялық Белла Джей Дарк бес жасында кітап шығарған. Осылайша, әлемдік рекорд орнатып отыр. Ол қыздар арасында өз туындысын шығарып, мыңнан аса данамен сатқан ең жас қаламгер. Бұл көрсеткіш - рекорд ретінде тіркеудің басты шарты.

Кішкентай қыз кітаптағы оқиғаны өз бетінше ойлап тауып қана қоймай, «Жоғалған мысық» деп аталатын кітабына арнап суреттер салған.

Жолдасым екеуміз оны қатты мақтан тұтамыз. Бұл - жоғалған мысық туралы және оның анасыз жүруге болмайтынын түсінгені туралы оқиға. Менің ойымша, оның мағынасы жақсы, – деді қыздың анасы Челси Сайм.