Қытайда коронавирус өршіп тұр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 25 165 адамнан анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 4% көп, сондай-ақ ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша бұл жаңа жоғары көрсеткіш.
Індетке шалдыққандардың көпшілігінде – 23 815 адамда ауру белгілері жоқ, жөтел және әлсіздік 1 350 адамда анықталды. Бір апта ішінде Қытайда асимптоматикалық тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мың адамға дейін өсті. Коронавирус ең өршіп тұрған екі өңір Шанхай және Цзилинь провинциясы (ҚХР солтүстік-шығысында) – олар COVID-19 жұқтырғандардың 94% құрайды, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар