00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нидерландыда иммунды жүйені зақымдайтын АИТВ-ның жаңа штамы табылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нидерландыда иммунды жүйені зақымдайтын АИТВ-ның жаңа штамы табылды

Ғалымдар бұл штамм иммунды жүйені зақымдайтынын, басқа вирусқа қарағанда адамның күнделікті инфекция мен аурумен күресу қабілетін әлсірететінін айтып отыр.

Зерттеулерге сәйкес, жаңа штамм тез таралады әрі инфекциядан кейін 9 ай ішінде әсерін көрсетеді. VB нұсқасы деп аталатын жаңа мутация қазір кем дегенде 109 адамға жұғып үлгерген.

Зерттеушілердің пікірінше, VB нұсқасының вирустық жүктемесі қазіргі АИТВ штамынан 3,5-5,5 есе жоғары, яғни адамдар арасында жұғу ықтималдығы жоғары. Дегенмен емделгеннен кейін бұл адамдардың иммунды жүйе мен өмір сүру деңгейі, АИТВ-ның басқа штамдарын жұқтырған адамдардың көрсеткіштерімен бірдей болатыны айтылды.