Еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға ерекше мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 18:30
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views44
Еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға ерекше мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының (ASC) жетекшілерін қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесуде ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясына және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті.

Президент алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты.

ISSF пен ASC жетекшілері осы спорт түрін дамытуға айрықша назар аударғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді.

Әңгімелесу барысында еліміздегі нысана көздеу кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, спортшыларды даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу, сондай-ақ жастармен, балалар және жасөспірімдердің спорт клубтарымен жұмыс бағдарламасын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.