«Осы жүктілігім ұзақ болды»: Ерке Есмахан үшінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

11 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Осы жүктілігім ұзақ болды»: Ерке Есмахан үшінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші жолдасы Райым Бақтыгереевтен екінші баласына жүкті екені белгілі. Екінші жүктілігінде де шетел аралап жүрген әнші не себепті күні бүгінге дейін босанбағанының сырын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Осы жүктілігім ұзааақ болып жатқан сияқты ма? Әлі жүрмін томпаңдап. Еуропа, Азия, Араб Әмірлігін шарлап келдім, ал бөпемнің шығатын ойы жоқ әлі. Күтейік не де болса. Dubai-дан естелік альбом.

Барлығыңызға осындай «кайф» демалыс, шоппинг, жүктілік жұғысты болсын! Аллаға сансыз шүкір! 3 рет 5k сы бар», — деп жазды ол.