«Әйел балаға қарау үшін демалысқа шығады»: Белгілі коуч декреттегі аналардың жұмыс істеуіне қатысты ойын айтты

14 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Әйел балаға қарау үшін демалысқа шығады»: Белгілі коуч декреттегі аналардың жұмыс істеуіне қатысты ойын айтты
фото: instagram.com/roza.coach

Белгілі коуч, психолог Роза Әшірбаева «Zamandas» подкастында декретте жұмыс істейтін аналар туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Психологтың сөзінше, елімізде нәзік жандылар күніне 4 жарым сағат уақытын үй шаруасына арнайды екен.  

«Статистика бойынша әйелдер 4 жарым сағат үй шаруасымен айналасады, бұл орта есеппен үйде екі бала болған жағдай. Бірақ әйелдің жасаған жұмысы төленбейді. Оған бұл үшін рахмет те айтылмайды. Мысалы, ерлі-зайыптылар бірге 8 сағаттық жұмысқа барып келеді.  Әйелдер үйге келген соң балаларының санына байланысты үй тіршігімен айналысады. Ал төрт немесе бес бала болса ше? Әйел декреттік отпускті балаға қарау үшін алады. Бірақ бізідң маркетологтар «декретте бос отырма», «бизнес істе» дейді. Тіпті қазіргінің енелері «сен неге декретке босқа отырсың?», «Басқалардың келіні немесе қызы сияқты декретте бизнес жасамайсың ба», «неге онлайн ақша таппайсынң» деп айтады. Бізде Қазақстанда осындай жағдай қалыптасқан»,- деді коуч.

Роза Әшірбаева декретте жұмыс істеп отырған әйелдердің қалыптасқан әдеті туралы да айтты. 

«Қазір декретте отырған аналар онлайн жұмыстарды істеп жүр. Мысалы, маркетплейс арқылы кез-келген затты сатып отырғандардың 80 пайызы әйелдер. Менің оқырмандарым желідегі парақшаларында «декреттегі бизнес әйел» сияқты өздері туралы жазады. Мен бұл ешкімге қызық емес деп айтамын. Кәсіби жұмыс берушіге бұл маңызды емес.  Мен өзім аяғы ауыр, декретте отырған әйелдерді жұмысқа аламын. Егер ол өзінің кәсібилігін көрсете, оның қанша баласы бар екені маңызды емес. Декретте отырған әйел кез келген бойдақ жігіттен артық жұмыс істейді. Ол –нағыз машина»,- деді ол.