Елордалық мәслихат депутаттары бірқатар спорт мекемелерін аралады

15 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық мәслихат депутаттары бірқатар спорт мекемелерін аралады
фото: instagram.com/tzeinulkabden

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ревизиялық комиссияның көшпелі отырысы аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты бірқатар мекемелерге барып қайттық.

«Жеңіс» спорт кешені, «Дәулет» ШЖҚ МКК және «Пригородный» тұрғын алабындағы «Аспан» спорт орталығында ұжымдардың еңбек жағдайымен және жас спортшылардың жаттығу барысымен таныстық»,- деп жазды Табиғат Зейнұлқабден.

фото: instagram.com/tzeinulkabden

«Дәулет» теннис орталығында 53 топ жұмыс істейді. Оның ішінде 1 инклюзивті топ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған. Жалпы саны - 569 бала.

фото: instagram.com/tzeinulkabden

«Көшпелі жиын қорытындысында спорт саласындағы бірқатар түйткілді мәселелер талқыланып, жастарды спортқа тарту бағытында нақты ұсыныстар айтылды»,- деп жазды мәслихат төрағасы