Қосылған құн салығы бойынша шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді


Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн. теңге мөлшерінде белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сондай –ақ әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10 пайыз болады»,- деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап 10% болатынын айтты.