«Өзі жүре алады»: министр Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайын айтты

29 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Өзі жүре алады»: министр Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайын айтты
Фото: www.instagram.com/ruslan_berdenov

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі ауруханада жатқан Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты ауыр.

«Түскен кезде екі бригаданың хирургтары 4 сағат бойы шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалып, жағдайы тұрақтанды.

Бүгінде пациенттің жағдайы тұрақты. Өзі жүре алады, десе де дәрігерлердің бақылауында», - дейді Ақмарал Әлназарова.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

«Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», - деп жазылды ПД хабарламасында.

Оқ жарақатын алған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке ота жасалды.

«Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда», - делінген болатын қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған хабарламада.