Елімізде туроператорлардың бірыңғай цифрлық тізілімі әзірленеді


Бұл азаматтарға қызметті сатып алудан бұрын оның заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгінде цифрлық трансформация шеңберінде 47 бизнес-процеске реинжиниринг жүргізілгенін хабарлады.
«Реинжиниринг негізгі мәселелерді анықтады. Олардың ішінде – цифрлық деректердің болмауы, қолдаудың тиімсіз бөлінуі және заңсыз қызмет көрсетушілердің болуы мәселелері бар. Бұл тәуекелдерді тудырады және азаматтарға зиян келтіреді. Мәселелерді шешу үшін Туризм және спорт министрлігі цифрлық платформаны әзірлеуде. Ол процестерді автоматтандырады және шешім қабылдауда адам факторының әсерін азайтады. Сондай-ақ туроператорлардың бірыңғай цифрлық тізілімі әзірленеді. Бұл азаматтарға сатып алудан бұрын қызметтердің заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді», - деді Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ туроператорларды екі қызметі түрі бойынша лицензиялау енгізіліп, көрсетіледі. Біріншісі – көшпелі туризм. Екіншісі – елге кіру және ішкі туризм. Қызмет толығымен автоматтандырылған. 2024 жылы 680 лицензия берілді — олардың барлығы электронды форматта.



