00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

16 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elorda.info.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.