Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: primeminister.kz
Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлының кандидатурасы келісілді.
Айта кетейік, Е.Нысанбаев 2014-2019 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2019-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар