Астанада «Сарыарқа» ауданына жаңа әкім тағайындалды

18 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада «Сарыарқа» ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, «Сарыарқа» ауданының әкімі тағайындалды. Ол «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б. Соңғы жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.