00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбе облысы бойынша МҚІА аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбе облысы бойынша МҚІА аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды

Талант Бақбергенұлы 1980 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «бүкіләлемдік тарих» және Фемида заң академиясын «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 18 жылдан асады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастаған.

2008 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын бақылау бөлімінің консультанты, Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің, Мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы, департамент басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Т.Медет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Ахуалдық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

Меритократия мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаты ретінде мемлекеттік қызметшінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес оның еңбегі мен жетістіктерін ескере отырып, мансаптық ілгерілеуді қамтамасыз етуге бағытталған.