Ұлытау облысы бойынша МҚІА аумақтық департаментінің басшысы тағайындалды
Берік Ахметов 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 36 жылдан асады.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Жезқазған облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету инспекторы болып бастаған. Жезқазған және Қарағанды облыстарының прокуратура органдарында бірқатар лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінде жұмыс істеді.
Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Б.Ахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болды.