00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болып тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов таныстырды. 

Сыдықбек Олжас Дәуренұлы 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін «Режиссерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Әр түрлі жылдары Қазақ радиосында, телеарналарда жұмыс істеген. 

«Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ бөлім бастығы, ҚР Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмысы орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония бас директорының орынбасары болған.

Айта кетейік, бұған дейін «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болған Ерлан Қарабалаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.