Ұлықбек Тінәлиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Ұлықбек Тінәлиев 1986 жылы туған.
Еңбек жолын 2005 жылы қоғамдық ұйымның еріктісі ретінде бастады. 2006 жылы «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» қоғамдық ұйымына жетекшілік етті. 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Технологиялық машиналар және құрал-жабдықтар» мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылы институттан техника ғылымдарының магистрі, 2012 жылы «Экономика және бизнес магистрі» атағын алып шықты. Мемлекеттік қызмет саласына Ұлықбек Тінәлиев 2017 жылы келді. Бастапқыда Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, кейін Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары қызметтерінде әлеуметтік салаға жетекшілік етті.
Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтер атқарған.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.