00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Президент Жарлығында.

Ол 1976 жылы 8 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Сондай-ақ Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын Еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.

Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастады. 2002 жылы Қазақстанның Германиядағы Елшілігіне атташе болып жолданды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы қызметін атқарды.

2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне аға кеңесші ретінде жұмысқа ауысты.

2008-2014 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қараша айында Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болды.

Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консул лауазымына тағайындалғанға дейін СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры қызметін атқарды. II дәрежелі кеңесші дипломаттық дәрежесі бар. Неміс және ағылшын тілдерін біледі.