Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы болып сайланды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.
«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.
Ұқсас жаңалықтар