Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Бұған дейін ол Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген.
1997-1998 жылдары - «Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы» әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары - «Қазақстанның Шағын Бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары - «РГ «Новости недели» ЖШС корреспонденті.
2005-2006 жылдары - «Қазақстан» РТРК" АҚ - «Астана» бөлімшесі Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары - «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары - «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.
2014 жыл - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары - қоғамдық қор президенті.
2017-2020 жылдары - «ҚазАқпарат» ЖШС бас директоры, «ҚазАқпарат» ХАА Басқарма төрағасы болды.