00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңіс Қасымбек тарихи жүлдеге қол жеткізген шахматшыларды құттықтады

Жеңіс Қасымбек тарихи жүлдеге қол жеткізген шахматшыларды құттықтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында айтулы нәтижеге қол жеткізіп, тарихта өз орындарын қалдырды! Еліміздің әйелдер құрамасы 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегерлері атанды. Бұл – шахмат олимпиадасы тарихындағы алғашқы медальдар», - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ол жүлделі орын иегерлерінің қатарында елорда өкілдері де бар екенін атап өтті.

«Қатысушылар арасында Астана федерациясының шахматшылары да бар. Олар – Меруерт Қамалиденова мен Әмина Қайырбекова. Құрама команданы сенсациялық жеңісімен құттықтаймын! Алдағы уақытта үлкен-үлкен жеңістер тілеймін!» - деп жазды әкім.